Қазақстан құрамасының Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстанның стенд атудан ұлттық құрамасы Италияның Лонато қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыста ел намысын 20 спортшы қорғайды.
Құрама сапына Әсем Орынбай, Элеонора Ибрагимова, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Әлішер Айсалбаев, Айжан Досмағамбетова, Лидия Башарова, Ольга Хайлова, Богдан Конченко, Александр Мухамедиев, Илья Пеньков, Зоя Пискун, Артемий Плиско, Анастасия Прилепина, Адель Садақбаева, Наргиза Сарманова, Артём Седельников, Лейла Шантекова, Данил Стрельцов және Ратмир Еникеев енгізілді.
Әлем кубогының кезеңі 3-13 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің жетекші мергендері қатысып, халықаралық рейтингтік ұпайлар мен жүлделерді сарапқа салады.
Қазақстандық спортшылар үшін бұл турнир алдағы ірі халықаралық жарыстар алдындағы маңызды сынақтардың бірі болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алып, жанкүйерлерді қуантқан еді.



