БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Швейцарияның Ароза қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының бес спортшысы ел намысын қорғайды.

Ұлттық құрама сапында Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина және Евгения Чернышова өнер көрсетеді. Қазақстандық гимнастар әлемнің үздік спортшыларымен бірге жүлделі орындар үшін бақ сынамақ.

Әлем кубогының кезеңі 26-27 маусым күндері ұйымдастырылады. Бұл жарыс спортшылар үшін халықаралық рейтингтік ұпай жинауға және маусымдағы маңызды бәсекелерге дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жақында өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен болатын. Виктория Бутолина жекелей бағдарламада қола медаль жеңіп алса, Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов синхронды секіру сайысында күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button