БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық спортшылар құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңіне қатысты

Испанияның Алькобендас қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» бағдарламасы бойынша сынға түсті.

Ерлер арасында қазақстандықтардың ішінен ең жоғары нәтижені Әмір Маймұратов көрсетті. Ол жарыстың 1/8 финалына дейін жетіп, қорытынды есепте 13-орынға тұрақтады.

Дамир Тоқтаров та плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік алғанымен, ширек финал жолдамасы сарапқа салынатын жарысқа қатыса алмады. Нәтижесінде ол 16-орынға жайғасты. Ал Әлішер Мұрат жарысты 33-орынмен аяқтады.

Әйелдер арасында Тамара Улжабаева үздік нәтиже көрсетіп, 22-сатыға орналасты. Анна Баларшина 27-орынға ие болса, Арина Новицкая жарыс қорытындысында 36-орыннан көрінді.

Осылайша, қазақстандық спортшылар әлемнің мықты құзға өрмелеушілері қатысқан додада тәжірибе жинап, халықаралық рейтинг үшін маңызды ұпайлар сарапқа салынған бәсекеде өз мүмкіндіктерін сынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button