Қазақстан құрамасының Түркістандағы жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

Түркістан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.
3-7 маусым аралығында ұйымдастырылатын жарыста ел намысын байдарка және каноэ бағыттары бойынша бірнеше спортшы қорғайды.
Байдаркада ескек есуден Қазақстан құрамасының сапына Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова енді.
Ал каноэде ескек есуден Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва және Руфина Искакова Қазақстан атынан жарыс жолына шығады.
Азия чемпионатында жастар санатымен қатар U18 жас деңгейіндегі спортшылар да өзара мықтыны анықтайды. Түркістандағы дода құрлықтың үздік ескек есушілерін жинап, халықаралық маусымдағы маңызды жарыстардың бірі болмақ.



