БОКС
Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңіне дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне дайындық аясында Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары қатысуда.
Бағдарламаға сәйкес, боксшылар спарринг өткізіп, шеберліктерін шыңдауда. Сонымен қатар жалпы дене дайындығына да ерекше көңіл бөлінуде.
Айта кетейік, бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.



