БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан ҰОК Шымкентте спорттағы гендерлік теңдікке арналған семинар өткізеді

Шымкент қаласында «Спорттағы гендерлік теңдік және баршаға тең мүмкіндік» тақырыбында білім беру семинары ұйымдастырылады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті өткізеді.

Семинар Азия Олимпиадалық кеңесі мен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Olympic Solidarity бағдарламасының қолдауымен өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – спортшылар, жаттықтырушылар және спорт саласы мамандары арасында гендерлік теңдік туралы түсінікті кеңейтіп, спортпен айналысуға тең мүмкіндік қалыптастыру.

Бағдарлама аясында спортшылардың бапкерлік қызметке бейімделуі, спорт медицинасы, психология және кәсіби даму мәселелері талқыланады.

Семинар соңында ашық форматтағы интерактивті пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға сала алады.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мұндай білім беру іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді. Онда гендерлік теңдік, спорттық білім беру және мамандардың кәсіби дамуы секілді маңызды бағыттарға ерекше назар аударылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button