БАСҚАЛАРЫ
Үш қазақстандық гимнаст Варнадағы Challenge Cup финалына шықты

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды.
Іріктеу жарысының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.
Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынмен шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Роман Хегай да үздік жетілікке еніп, финалға жолдама алды.
Сақинадағы жаттығуда Нуртан Идрисов финалға шықты. Ол іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады.
Айта кетейік, 8 мамыр күні жарыстың екінші іріктеу күні өтеді.



