БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алып, Олимпиада іріктеуін бастады

Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден өткен Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін маңызды кезең болды. Бұл жарыс тек құрлықтық дода ғана емес, алдағы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің бастамасы саналады.

Қазақстандық ескекшілер жарысты 16 медальмен аяқтады. Оның екеуі – алтын жүлде. Стелла Суханова 1000 метр қашықтықта байдаркада топ жарса, Ольга Шмелева 200 метрде чемпион атанды.

Күміс медальді Артем Терещенко мен Ольга Шмелева (байдарка-екілік, 500 м), Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая (байдарка-екілік, 500 м), Бекарыс Раматулла (байдарка-бірлік, 500 м), Кирилл Тубаев (байдарка-бірлік, 5000 м) және Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 5000 м) иеленді.

Қола жүлдегерлер қатарында Тимофей Емельянов пен Владислав Руденко (байдарка-екілік, 1000 м), Мария Бровкова (каноэ-бірлік, 500 м), Виктор Степанов (каноэ-бірлік, 200 м), Сергей Емельянов пен Әлішер Хаетов (каноэ-екілік, 500 м), Бекарыс Раматулла мен Дмитрий Холмогоров (байдарка-екілік, 500 м), Сергей Емельянов мен Руфина Искакова (каноэ-екілік, 500 м), Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 500 м), Мария Бровкова (каноэ-бірлік, 5000 м), сондай-ақ Эвелина Костенко, Ольга Шмелева, Татьяна Токарницкая және Стелла Суханова (байдарка-төрттік, 500 м) бар.

Осы нәтижелер арқылы қазақстандық спортшылар алғашқы рейтингтік ұпайларын жинап, Олимпиада жолындағы маңызды кезеңді бастады.

Айта кетейік, келесі ірі жарыс — Сегед қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңі 8–10 мамыр күндеріне жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button