БАСҚАЛАРЫ

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамалары 1/8 финал жолдамасына таласады

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ерлер құрамасы топтық кезеңде барлық үш матчта жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орынмен тікелей плей-оффқа шықты.

Ал әйелдер құрамасы топта екінші орын алып, өтпелі кезеңде Бельгияны 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына енді.

Бүгін, 4 мамыр күні, 1/8 финалға шығу жолындағы шешуші кездесулер өтеді. Ерлер құрамасы Испаниямен кездессе, әйелдер құрамасы Швецияға қарсы ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button