БАСҚАЛАРЫ

Кудрәт Шамиев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиев Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Атқарушы комитетінің құрамына вице-президент ретінде енді. Ол 2029 жылы Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруға жауапты болады.

Бұл шешім Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы VI жағажайдағы Азия ойындары аясында өткен АОК Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

Жаңа қызметінде Кудрәт Шамиев 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық жұмыстарын үйлестіруге, сондай-ақ жарысты өткізу процесін ұйымдастыруға жетекшілік етеді. Сонымен қатар, ол Алматыдағы ірі додаға байланысты АОК құрылымдарымен өзара тиімді байланыс орнатуға жауапты болады.

Айта кетейік, Кудрәт Шамиев қазіргі уақытта Қазақстан таеквондо (WT) федерациясын басқарады, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқарушы комитетінің мүшесі және Altaic Taekwondo Union ұйымының жетекшісі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button