Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының толық тізімі жарияланды

2026 жылы Қытайдың Санья қаласында өтетін VI жағажайдағы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының ресми тізімі белгілі болды.
Қазақстан құрамасы бұл жолы 9 спорт түрі бойынша өнер көрсетеді.
Ашық суда жүзу бойынша ел намысын Лев Черепанов, Ғалымжан Балабек, Мария Федотова және Дарья Пушко қорғайды.
Су добында ерлер және әйелдер құрамалары толық құраммен қатысады. Команда сапында Темірлан Балфанбаев, Ариадна Затыльникова секілді ойыншылар бар.
3×3 баскетболдан ерлер құрамасында Есет Жарқылов, ал әйелдер құрамасында Дильназ Еркебай өнер көрсетеді.
Джиу-джитсу, желкенді спорт, спорттық құзға өрмелеу және акватлон бойынша да Қазақстан спортшылары бірнеше салмақта бақ сынайды. Атап айтқанда, құзға өрмелеуде Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов негізгі үміткерлер қатарында.
Жағажай волейболында екі ерлер және екі әйелдер жұбы қатысады. Ал жағажай күресінде Жасұлан Бексұлтанов, Алина Ертөстік секілді спортшылар ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 22–30 сәуір аралығында өтеді. Жалпы 15 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасынан жарысты алғаш болып су добының қыздар командасы бастайды. 22 сәуір күні олар Таиланд құрамасына қарсы ойнайды.



