БАСҚАЛАРЫ
Қылыштасудан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Грекияның Афина қаласында әйелдер арасында қылыштасудан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.
Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын сегіз спортшы қорғайды. Құрамға Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Полина Ко, Диляра Исабекова, Татьяна Приходько, Наргиз Сайдуллаева және Қайша Жәнібек енді.
Қазақстандық спортшылар жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды.
Әлем кубогының кезеңі 17–19 сәуір аралығында өтеді.



