БАСҚАЛАРЫ

Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева Бакудегі Әлем кубогында өнер көрсетеді

Көркем гимнастикадан Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды.

Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасы бұл турнирде жекелей сында екі спортшымен қатысады. Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмарал Ерекешева Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button