БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтті. Жарыста Қазақстан құрамасы «қиындық», «жылдамдық» және «боулдеринг» бағдарламалары бойынша сынға түсті.

«Қиындық» бағдарламасында ерлер арасында Алексей Панфилов 39-орын, Глеб Семешкин 43-орын, Азат Майкотов 45-орын алды. Әйелдер арасында Полина Андреева 32-орын, Дарья Кузьменко 33-орын, Виктория Адаменко 34-орынға ие болды.

«Жылдамдық» бағдарламасында Дамир Тоқтаров 10-орын, Әмір Маймұратов 13-орын, Ришат Хайбуллин 15-орын, Бекнұр Алтынбеков 17-орын, Жандос Қалыбай 38-орын алды. Әйелдер арасында Аделия Утешева 22-орын, Анна Баларшина 23-орын, Арина Новицкая 24-орын, Тамара Ұлжабаева 27-орынға тұрақтады.

«Боулдеринг» бағдарламасында ерлер арасында Азат Майкотов 38-орын, Алексей Панфилов 45-орын, Вадим Ишмухаметов, Глеб Семешкин және Кымсан Цой 47-орында жарысты аяқтады. Әйелдер арасында Полина Андреева 33-орын, Дарья Кузьменко 36-орын, Айханым Айдарханқызы 37-орын, Виктория Адаменко 38-орын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button