ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Әлем кубогында жартылай финалға өте алмады

Мысырдың Каир қаласында қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жартылай финалға өте алмады.

Әйелдер арасында Полина Андреева А тобында 29-орынға ие болды.

Ерлер арасында А тобында Константин Сычев 36-орын алды. В тобында Темірлан Абдраимов 27-ші нәтиже көрсетсе, Анатолий Голубь 35-орынға жайғасты. Ал С тобында Кирилл Стадник 19-орын алса, Лев Чувашов 28-орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл кезеңде шешуші айналымдарға өте алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button