БОКС

Тәшкенбай Азия чемпионатында ширек финалда тоқтады

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жарысты ерте аяқтады.

50 келіге дейінгі салмақта ол ширек финалда үндістандық Вишванаш Суреш қарсы кездесті. Жекпе-жектің үшінші раундында қазақстандық спортшы нокдаунға түсіп, нәтижесінде төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Осылайша, Тәшкенбай турнирді 1/4 финал кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, осы күні Лаура Есенкелді де жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button