БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан гимнастары Франциядағы Гран-при кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңінде өнер көрсетеді.
Жекелей бағдарламада ел намысын Ақмарал Ерекешева қорғайды.
Ал топтық жаттығуларда Қазақстан сапында Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетеді.
Турнир 4-5 сәуір күндері өтеді.



