БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан ҰОК экологияға бағытталған жаңа жобаны іске қосты

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті елде экологиялық мәдениетті дамытуға арналған Eco Athlete жобасын іске қосты.

Бастама Халықаралық Олимпиадалық комитет және Азия Олимпиадалық кеңесі қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жоба 2020+5 Олимпиадалық күн тәртібіндегі тұрақты даму қағидаттарына негізделген.

Eco Athlete спортшылар мен жастарды экологиялық бастамаларға тартуды көздейді. Негізгі бағыттардың бірі — спортшы-амбассадорлар арқылы мектеп оқушыларына экологиялық жауапкершілікті насихаттау.

Жобаның ашылуы елордадағы №101 мектепте өтті. Іс-шараға Руслан Курбанов, Эльмира Сыздықова және Жанбота Алдабергенова сияқты спортшылар қатысты.

Бағдарлама аясында оқушылар үшін экологиялық эстафета ұйымдастырылып, қатысушылар қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу дағдыларын ойын форматында меңгерді.

Жоба алдағы уақытта кеңейтіліп, білім беру бағдарламалары мен экологиялық бастамалар саны артады. Сонымен қатар Train for Trees акциясы арқылы қатысушылардың физикалық белсенділігі ағаш отырғызумен байланыстырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button