БАСҚАЛАРЫ
Батуттағы гимнастика: Нидерландтағы Әлем кубогы кезеңіне Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Нидерландтың Алкмар қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапында үш спортшы бақ сынайды. Ұлттық команда құрамына Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов енді.
Әлем кубогының кезекті кезеңі 12–13 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Роман Барков жекелей сайыста сегізінші орын алған еді. Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов жұбы бесінші орынға тұрақтаған.



