БАСҚАЛАРЫ
Астанада өтетін бадминтон турниріне 40-тан астам ел спортшылары келеді

17–21 желтоқсан аралығында Астанада бадминтоннан ірі халықаралық турнир өтеді. Қазақстан федерациясының мәліметінше, жарысқа әлемнің 43 елінен спортшылар қатысады.
Турнирде жекелей, жұптық және аралас сындар бойынша жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы сапында Дмитрий Панарин бастаған ұлттық команда ойыншылары өнер көрсетеді.
Astana International Challenge 2025 жарысы Beeline Arena спорт кешенінде ұйымдастырылады.



