Спорт Министрі | «Тараз» клубы үш тәрбиеленушісін қайта қатарға қосты
ФУТБОЛ

«Тараз» клубы үш тәрбиеленушісін қайта қатарға қосты

«Тараз» футбол клубы өз академиясынан түлеп ұшқан үш ойыншыны қайта қатарға қосты, деп хабарлайды SportM.kz тілшісі.

Клуб сапына тәжірибелі қорғаушы Максат Амирханов қайта оралды. Ол ұзақ жылдар бойы команда капитаны болған, жанкүйерлерге №20 жейдесімен есте қалған жылдам әрі сенімді ойыншы. Жаңа маусымда ол №30 жейдемен өнер көрсетеді. 33 жастағы қорғаушы «Тараз» сапында 2009 жылы дебют жасаған, кейін «Ертіс», «Жетісу» және «Оқжетпес» клубтарында ойнады.

Сондай-ақ жас қорғаушы Азамат Еркінбек команда сапын толықтырды. 23 жастағы футболшы бұған дейін «Тараз» жастар құрамаларында өнер көрсетіп, кейін «Екібастұзда» ойнаған. Соңғы жарты маусымды Қарағандының «Шахтерінде» өткізген. Енді ол №2 жейдемен алаңға шығады.

Үшінші болып командаға 22 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тойбеков қосылды. Ол «Тараз» жастар құрамаларында бірнеше жыл ойнап, кейін жарты жыл Түркістанның «Тұран» клубында арендада болды. Қазір қайта оралып, №21 жейдені иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button