ФУТБОЛ

ФК «Тұран» құрамынан алты легионер ресми түрде кетті

Түркістандық «Тұран» футбол клубының баспасөз қызметі бірден алты шетелдік ойыншымен қоштасқанын хабарлады, деп жазады SportM.kz.

Команданы төрт беларусь футболшысы — қақпашы Егор Хаткевич, қорғаушы Руслан Юденков, жартылай қорғаушылар Игорь Стасевич пен Василий Совпель, сондай-ақ екі черногор — қорғаушы Йован Пайович пен жартылай қорғаушы Горан Милойко ресми түрде тастап шықты.

– Бұл ойыншыларға командаға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз және алдағы мансаптарында сәттілік тілейміз! – делінген клуб мәлімдемесінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button