Спорт Министрі | Штутгарт турнирі: Бейбіт Жұқаев іріктеу финалына сенсациялық жолдама алды
ТЕННИС

Штутгарт турнирі: Бейбіт Жұқаев іріктеу финалына сенсациялық жолдама алды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінде жарқырай өнер көрсетіп, финалға өтті, деп хабарлайды SportM.kz.

Әлемнің 230-ракеткасы атанған Жұқаев іріктеу жартылай финалында 158-орында тұрған швейцариялық Марк-Андреа Хуслерді үш сетте 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Хуслер іріктеу сайысының 8-ракеткасы ретінде жарысқа фаворит ретінде қатысқан болатын.

Бір сағат 40 минутқа созылған матч барысында Бейбіт 13 эйс орындап, 4 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Ал Хуслер 16 эйс жасап, небәрі бір ғана брейкпен көзге түсті.

Енді Бейбіт Жұқаев іріктеу финалында әлемнің 124-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен жолығады. Жеңіске жетсе, негізгі кезеңге өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button