ТАЕКВОНДО
Қазақстан жасөспірімдері таэквондодан әлем чемпионатында командалық есепте екінші орынды иеленді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таэквондодан әлем чемпионатында жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
10-14 мамыр аралығында өткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 87 елдің 811 спортшысы арасынан оза шығып, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.
Хамзаальпер Ромашкин (61 келі) мен Сағынғали Жантөре (65 келіден жоғары) әлем чемпиондары атанды. Аятжан Әмірханов (57 келі) күміс медальды иеленсе, Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) қола медальдарды қанжығасына байлады. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдері жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.