
Қазақстан таеквондо федерациясы Қытайдың Уси қаласында өтетін Grand Slam халықаралық турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
9–11 желтоқсан аралығында ұйымдастырылатын жарысқа Қазақстан атынан 31 таеквондошы қатысуы мүмкін. Олардың 18-і ерлер, 13-і әйелдер арасындағы бәсекеде сынға түсуге үміткер.
Ерлер арасында төрт салмақ дәрежесінде спортшылар тіркелген. 58 келіге дейінгі салмақта Баходир Шапулатов, Тамирлан Тілеулес, Нұрәлі Махмұт және Жавохирхон Исламов өнер көрсетуі мүмкін.
68 келіге дейінгі салмақта жеті спортшы тізімге енді. Олар – Әнуар Мұхаметкаримов, Дамир Шуленов, Мұхаммедәлі Махмұт, Нұрбек Ғазез, Самирхон Абабакиров, Сұлтанбек Орынбек және Ерболат Хасан.
80 келіге дейінгі салмақта Абдурахмон Марипов, Батырхан Кусетов және Мақсат Орынбасар тіркелген. Ал 80 келіден жоғары салмақта Батырхан Төлеуғали мен Бейбарыс Қаблан бақ сынауы мүмкін.
Әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне алты спортшы енгізілді. Олар – Айдана Құмартаева, Құралай Жамалбекова, Нодира Ахмедова, Нұрайым Жұмабек, Нұрай Бауыржанова және Рита Бакишева.
57 келіге дейінгі салмақта Айша Әділбекқызы, Мария Севостьянова және Жазира Исина, ал 67 келіге дейінгі салмақта Аида Тәукенова, Аружан Найманбаева және Нұрай Хусаинова тіркелді.
67 келіден жоғары салмақта Қазақстан атынан Назым Махмутова қатысуы мүмкін.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирінде ерлер мен әйелдер арасындағы сегіз салмақ дәрежесінде өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, жарияланған құрам алдын ала жасалған. Турнир басталғанға дейін қатысушылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.



