ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Астанадағы таеквондо Гран-приінің финалына Қазақстаннан төрт спортшы қатысады

Қазақстан таеквондо федерациясы (WT) Астанада өтетін Гран-при финалында ел намысын қорғайтын спортшылардың құрамын жариялады.

28–29 қараша күндері ұйымдастырылатын халықаралық турнирге Қазақстан атынан төрт таеквондошы қатысады. Олардың екеуі ерлер, екеуі әйелдер арасындағы бәсекеде сынға түседі.

Ерлер арасында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тамирлан Тілеулес өнер көрсетеді. Ал 80 келіге дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали ел намысын қорғайды.

Әйелдер арасындағы жарыста Рита Бакишева 49 келіге дейінгі салмақта бақ сынаса, Мария Севостьянова 57 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласады.

Гран-при финалы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз жерінде ұйымдастырылатын халықаралық турнирде төрт салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button