ТАЕКВОНДО

Ербол Мырзабосынов таеквондо федерациясының өкілдеріне мемлекеттік марапаттар табыстады

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының басшылығы мен қызметкерлерін, сондай-ақ өңірлік федерациялардың жетекшілерін қабылдап, саланың дамуына үлес қосқан мамандарды марапаттады.

Кездесу барысында министр елімізде таеквондоны дамыту, спортшыларға қолдау көрсету және өңірлік федерациялардың жұмысын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ербол Мырзабосынов спорт түрінің дамуы үшін министрлік пен федерация арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, сала мамандарына еңбектері үшін алғыс білдірді.

Отандық таеквондоны дамытуға қосқан үлесі үшін «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен федерация президенті Кудрәт Шамиев, бас хатшы Арал Садықов, қаржы жөніндегі вице-президент Алмас Аширбеков, халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент Надежда Хамитова, әкімшілік басқару жөніндегі вице-президент Айзат Қарашашев және спорт жөніндегі вице-президент Сұлтан Қасымов марапатталды.

Сонымен қатар осы марапатқа федерация қызметкері Динара Кабдулова, ұлттық құраманың дәрігері Ахмет Гасанов, Алматы қаласы таеквондо федерациясының президенті Шухрад Шардинов және Ақмола облысы таеквондо федерациясының президенті Николай Боровинский ие болды.

Жалпы кездесу барысында таеквондо саласында еңбек етіп жүрген 10 маманға «Спорт саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button