ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан кубогы финалына екінші жолдама «Тобылға» бұйырды

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Қазақстан кубогының финалына шықты. Жартылай финалда олар елордалық «Жеңіс» командасымен жолыққан болатын.

Алғашқы кездесуде «Тобыл» 2:1 есебімен басым түсті. Сондықтан екінші ойында «Жеңіс» футболшылары таразы басын теңестіруге тырысты.

Кездесудің алғашқы кезеңінде есеп ашылмады. Екінші таймның 65-минутында «Жеңіс» сапынан Исламбек Қуат гол соғып, есепті теңестірді. Алайда матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, 87-минутта Егор Хавлько таразы басын қайта теңестіріп, жалпы қос матч қорытындысында «Тобылдың» жеңісін бекіте түсті.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы нәтижемен «Тобыл» финалға жолдама алды.

Бұған дейін финалға шымкенттік «Ордабасы» командасы өткен болатын. Енді шешуші ойын 4 қазан күні Қызылорда қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button