Спорт Министрі | Дастан Сәтпаев жауапты матчты өткізіп алады
ФУТБОЛ

Дастан Сәтпаев жауапты матчты өткізіп алады

Алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты ойынға қатыса алмайды. Ол «Селтикке» қарсы алғашқы кездесудің қосымша уақыты – 90+10 минутында сары қағаз алып, іріктеу кезеңіндегі үшінші ескертуіне ие болды.

Айта кетейік, Сәтпаев бұған дейін «Слованмен» болған қос матчта да тәртіп бұзған. Осылайша, 17 жастағы талантты ойыншы 26 тамызда Алматыда өтетін «Селтикке» қарсы жауапты матчты жіберіп алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button