
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» командалары кездесті. Ойын Глазгодағы 60 мың орындық «Селтик Парк» стадионында өтті.
Чемпиондар лигасы, плей-офф раунды
Селтик (Шотландия) – Қайрат (Қазақстан) — 0:0
Қос команда арасындағы қарымта матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Жеңімпаз топтық кезеңге жолдама алады.