
Бүгін Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі.
Маңызды матч Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақытымен түнгі 00:00.
Ойынға норвегиялық төрешілер бригадасы, бас қазы Эспен Эксос бастаған, қазылық етеді.