ТЕННИС
Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингі – 10-орын) Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында жарыс жолынан шығып қалды.
Жартылай финалда Рыбакина әлемдік рейтингте 3-орында тұрған польшалық Ига Швёнтекпен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңілді – 5:7, 3:6.
Осылайша, Рыбакина турнирді жартылай финал кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін ол мексикалық Рената Сарасуа (70-орын), бельгиялық Элизе Мертенс (22-орын), америкалық Мэдисон Киз (6-орын) және әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) жеңген болатын.