ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Астана» сырт алаңда «Лозаннадан» жеңілді

Конференция лигасы, 3-ші іріктеу кезеңі
Лозанна (Швейцария) – Астана (Қазақстан) — 3:1

Қазақстандық «Астана» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында сырт алаңда швейцариялық «Лозаннаға» екі доп айырмасымен жол берді.

Ойынның 24-минутында Орельяна есеп ашса, 42-минутта Кали Сене айырманы ұлғайтты. Екінші таймда, 72-минутта Аждини үшінші голды соқты. Матчтың негізгі уақытының соңғы минутында ғана Башич қазақстандық клубтың намысын қорғап, бір голдың авторы атанды.

Қарымта кездесу 14 тамызда Астанада өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтетін команда анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button