Спорт Министрі | Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар алғашқы кездесулерін өткізді
ТЕННИС

Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар алғашқы кездесулерін өткізді

Чехияның Простеев қаласында 2025 ITF World Junior Tennis Finals турнирі жалғасуда.

Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетіп жатыр. Топтық кезеңнің алғашқы матчында отандастарымыз Германия құрамасымен кездесті.

Алғашқы кездесуде Хақназар Жеткербай Даниель Шарнецкиге 3:6, 2:6 есебімен жол берді. Дегенмен екінші матчта Ахмади Маханов Те Луис Калинді 6:1, 2:6, 7:5 есебімен жеңді. Шешуші жұптық ойында отандастарымыз Даниель/Луис жұбына есе жіберді. Есеп: 3:6, 4:6.

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі келесі қарсыласы Жапония болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button