Спорт Министрі | Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан теннис турнирінің 1/8 финалына шықты
ТЕННИС

Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан теннис турнирінің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы ірі турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.

Рыбакина екі сетте де жеңіске жетті. Бірінші сетте қарсыласы бірде-бір гейм ала алмады.

Кездесу 6:0, 7:6 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда отандасымыз украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button