
31 шілде күні қазақстандық екі команда – «Ақтөбе» мен «Астана» футболдан Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты кездесулерін өткізеді.
Алғашқы ойында «Ақтөбе» өз алаңында Чехияның «Спарта» командасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Енді ақтөбеліктер сырт алаңда артықшылықты сақтап, келесі кезеңге өтуді көздейді. Бұл матчты Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – 23:00.
Елордалық «Астана» болса, сырт алаңда Молдованың «Зимбру» клубымен кездеседі. Бірінші матч 1:1 есебімен аяқталған. «Астана» ойынын Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – 22:00.