Спорт Министрі | Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матч Ақтөбеде өтеді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матч Ақтөбеде өтеді

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2027 жылғы U-21 Еуропа чемпионатының іріктеу матчын өткізетін орынды ресми түрде бекітті. Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы кездесу Ақтөбе қаласында өтеді.

УЕФА-мен келісімге сәйкес, Қазақстан футбол федерациясы Ақтөбені қабылдаушы қала ретінде ұсынды, бұл өтінім мақұлданды.

Ойын 8 қыркүйекте Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.

Ойынның басталу уақыты мен билет бағдарламасы туралы қосымша хабарланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button