
Әлемдік рейтингте 30-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Китцбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.
Жартылай финалда Бублик Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандсхулпты (ATP – 103) 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші тоғыз эйс жасап, алты қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Финалда Александр Бублик әлемнің 100-ракеткасы, француз Артур Казомен кездеседі.