Спорт Министрі | Жібек Құламбаева мен Әмір Омарханов Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Жібек Құламбаева мен Әмір Омарханов Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанды

Елордада өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында әйелдер және ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Әйелдер финалында жарыстың бірінші ракеткасы Жібек Құламбаева тартысты матчта үшінші нөмірлі Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, чемпион атанды. Қола жүлде Полина Слепцовадан 7:6 (7:5), 7:5 есебімен басым түскен Іңкәр Дүйсебайға бұйырды.

Ерлер арасында 17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы ел чемпионы атағын жеңіп алды. Қарағандылық теннисші финалда өткен жылғы жеңімпаз Григорий Ломакинмен кездесіп, бірінші сетте 6:1 есебімен жеңді. Екінші партияда Ломакин арқасынан алған жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Қола медаль Ислам Орынбасарға берілді, себебі оның қарсыласы Тимур Мәуленов жарақатына байланысты матчқа шықпады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button