
Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан елордалық «Астана» клубымен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Исламхан 2013 жылы да «Астана» сапында жарты маусым өткізіп, 8 ойынға қатысқан еді. 1993 жылы туған жартылай қорғаушы кәсіби мансабын 2011 жылы «Таразда» бастап, кейін «Қайрат», «Ордабасы», «Тұран», Ресейдің «Кубань» және БАӘ-нің «Аль-Айн» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 2012 жылдан бері 56 матч өткізіп, 4 гол соққан.
Клуб басшысы Саян Хамитжановтың айтуынша, жарақатынан кейін Исламханға толық бабына келу үшін уақыт қажет:
«Бауыржанның ұлттық құрама мен отандық футболдағы еңбегін ескере отырып, оған қалпына келуге мүмкіндік беруді жөн көрдік. Қазір ол команда мақсатына бірден көмектесе алмайды, бірақ жоғары деңгейдегі футболшы екеніне күмәніміз жоқ. Біз жанкүйерлерін қайта қуантуы үшін бар жағдайды жасаймыз», – деді ол.