Спорт Министрі | Азия чемпионатында бүгін қазақстандық он таэквондошы татамиге шығады
ТАЕКВОНДО

Азия чемпионатында бүгін қазақстандық он таэквондошы татамиге шығады

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының он спортшысы бақ сынайды.

Ұлдар арасында Ринат Елібай (51 келі), Евгений Васенкин (55 келі), Павел Эм (59 келі), Бекет Болатұлы (68 келі) және Әлішер Жолмұрат (78 келі) жарыс жолына шықса, қыздарда Анастасия Ряботенко (44 келі), Ақбота Желеу (46 келі), Нұрайым Жұмабек (49 келі), Аяна Бауыржанова (55 келі) және Аружан Найманбаева (68 келі) ел намысын қорғайды.

Еске салайық, чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алған болатын: оның екеуі алтын, біреуі күміс және төртеуі қола.

Басқа жаңалықтар

Back to top button