Спорт Министрі | Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің ширек финалына шықты
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.

Ол бұл турнирде Ұлыбританиялық Эмма Радуканумен жұптасып өнер көрсетуде.

Екінші айналымда Рыбакина/Радукану дуэті словак Тереза Михаликова мен британдық Оливия Николласты 2:6, 7:6(4), 11:9 есебімен жеңіп, 1 сағат 53 минутқа созылған тартысты кездесуде жеңіске жетті.

Енді қазақстандық-британдық жұп ширек финалда бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button