Спорт Министрі | УЕФА-ның «B» санатындағы курстың бесінші модулі өтті
ФУТБОЛ

УЕФА-ның «B» санатындағы курстың бесінші модулі өтті

14-19 шілде аралығында Талғардағы ҚФФ оқу-жаттығу базасында УЕФА-ның «B» санатындағы бапкерлік лицензиялау бағдарламасы бойынша курстың бесінші модулі өтті.

Оқу екі кезеңге бөлініп ұйымдастырылды: 14-16 шілде аралығында – бірінші топ, 17-19 шілде аралығында – екінші топ білім алды. Әр топта 25 тыңдаушыдан болды.

Бұл модульдің тақырыбы «Жасыл аймақ» (М+) ұғымына арналды. Ол – ойыншылар үшін қауіпсіз, қолайлы және дамуға бағытталған ортаны қамтитын түсінік. Мұндай жағдайда бапкер тек жаттықтырушы ретінде емес, қолдау көрсететін, сенім мен ынталандыруға жол ашатын тұлға ретінде әрекет етеді. Модуль барысында ойыншылармен эмоционалды тұрақты әрі жағымды жағдайда жұмыс жүргізу мәселесіне басымдық берілді.

Курс аясында қатысушылар тиімді қарым-қатынас орнату, топты басқару, психологиялық тәсілдерді қолдану сынды теориялық білімдерді меңгеріп, алаңда тәжірибелік тапсырмалар орындады. Бағдарламаға жаттығу сабақтарын талдау, микроцикл құрастыру, футболшыларды жекелей дамыту әдістері мен бапкер мен команда арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынас орнату тәсілдері енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button