
Бейбіт Жұқаев Вашингтонда өтіп жатқан ATP турнирінің іріктеу кезеңін сәтті аяқтады. Ол финалда италиялық Андреа Вавассориді 2:1 есебімен жеңді (7:5, 6:7, 6:3).
Осылайша, Жұқаев турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Енді ол 1/32 финалда әлемнің 39-нөмірлі ойыншысы, люксембургтік Александр Мюллермен кездеседі. Матч 21 шілде күні 21:30-да өтеді.