ТАЕКВОНДО
Тамирлан Тілеулес Универсиада-2025-те қола жүлдегер

Германияда өтіп жатқан Жазғы Универсиада-2025 жарысында қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес ел қоржынына төртінші медальді салды.
58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз жартылай финалда украиналық Максим Маненковпен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылды (17:18, 14:17). Осылайша, Тамирлан Тілеулес турнирді қола жүлдемен аяқтады.