
Александр Бублик жарыстың 1/8 финалында отандасы Александр Шевченкомен кездесті.
1 сағат 2 минутқа созылған бәсекеде Александр Бублик 5 эйспен қоса, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Осылайша, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Франсиско Комесаньямен өзара мықтыны анықтайды.