Спорт Министрі | ҚФФ Қазақстанда Конференциялар лигасының немесе УЕФА Суперкубогының финалын өткізуге дайын
ФУТБОЛ

ҚФФ Қазақстанда Конференциялар лигасының немесе УЕФА Суперкубогының финалын өткізуге дайын

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Qazsport телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті. Ол УЕФА-ға елімізде 2027 жылы УЕФА конгресін ұйымдастыруға,  Конференциялар лигасының финалы немесе УЕФА Суперкубогын өткізуге  ұсыныс бергенін хабарлады.

М.Омаровтың айтуынша, УЕФА президенті Александер Чефериннің Қазақстанға жасаған ресми сапары мен УЕФА-ның қолдауы елімізде футбол инфрақұрылымын дамытуға және ірі халықаралық турнирлерді өткізуге жаңа мүмкіндік ашты.

– Биыл Александер Чеферин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесті. Біз футболды дамыту мәселелері бойынша мазмұнды әрі терең пікір алмастық. УЕФА-мен күн сайын тығыз жұмыс істейміз. Олар біздің әдістемелік серіктесіміз, VAR жүйесі сынды заманауи жобаларды енгізуге көмектеседі. Федерацияға жыл сайын қаржылай қолдау көрсетеді. Біз 2027 жылы УЕФА Конгресін қабылдауға дайынбыз. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында Конференциялар лигасының финалы немесе Суперкубокты өткізуге ресми ұсыныс бердік. Оған Қазақстан дайын. Қазір елімізде жаңа стадиондардың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, U-21 және U-19 жасөспірімдер құрамалары арасында Еуропа чемпионаттарын өткізу жоспарымызда бар, – деді Марат Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button