Спорт Министрі | «Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында ПСЖ-ны тас-талқан етті
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында ПСЖ-ны тас-талқан етті

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «MetLife Stadium» стадионында өткен клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025 финалында лондондық «Челси» күтпеген жеңіске жетті. Ағылшын командасы Францияның ПСЖ клубын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Кездесу барысында «Челси» сапынан Коул Палмер дубль авторы атанды (22 және 30 минуттарда), ал 43-минутта Жоау Педро тағы бір гол соғып, есепті түйіндеді.

Айта кетейік, ПСЖ бұл ойынға айқын фаворит ретінде шыққан еді. Франциялық клуб — қазіргі уақытта Чемпиондар лигасының жеңімпазы. Алайда шешуші кездесуде ағылшындық ұжым толық үстемдік танытып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.

Осылайша, «Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button