Спорт Министрі | Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы турнирдің алтын медалі үшін таласады
ТАЕКВОНДО

Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы турнирдің алтын медалі үшін таласады

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан «World Taekwondo Diamond Game» халықаралық турнирінде қазақстандық таеквондошылар финалға шықты.

Әйелдер арасындағы командалық жарыста ел намысын қорғап жатқан Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева жартылай финалда Индонезия құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Енді жерлестеріміз алтын жүлде үшін Марокко құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл турнир G-4 санатына жатады және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Жеңімпаздарға рейтингтік ұпайлар беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button