ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Ордабасы» Конференция лигасының алғашқы ойынында сырт алаңда жеңіліп қалды

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде сырт алаңда Грузияның Кутаиси қаласының «Торпедо» командасымен кездесіп, тартысты матчта 4:3 есебімен жеңілді.

Ойын Кутаисидегі Рамаз Шенгелия атындағы стадионда өтті. Кездесуге Беларусь елінен келген төреші Антон Лашук жетекшілік етті.

Бастапқы құрамдар:

«Торпедо» (Грузия): Гошадзе, Кверквелия, Шимич, Надарая, Варлей, Итрак, Бидзинашвили, Манучашвили, Басиладзе, Фелипе Пирес, Йонсен.

«Ордабасы» (Қазақстан): Шайзада, Антич, Тұрсынбай, Малый, Жақсыбаев, Астанов, Имнадзе, Кэпэцынэ, Вакулко, Мораес, Фернандес.

Ойын басында қонақтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, 30-минутта Бьорн Йонсен есеп ашты. Алайда «Ордабасы» жылдам жауап берді — үш минут ішінде Михаил Кэпэцынэ мен Лука Имнадзе бір-бір голдан соғып, есепті 2:1-ге жеткізді. Алаң иелері бірінші таймның қосымша минуттарында Матей Шимичтің голымен таразы басын теңестірді — 2:2.

Екінші таймда «Ордабасы» белсенді прессинг жасап, 69-минутта Сағадат Тұрсынбайдың голының арқасында тағы алға шықты. Алайда Йонсен дубль жасап, есепті 3:3-ке жеткізді. Матчтың соңғы сәтінде Шимич тағы бір рет мергендік танытып, жеңіс добын соқты — 4:3.

Қарымта кездесу 17 шілдеде Шымкент қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button